Quick Access


Bu Dergi DOI ve Crosscheck üyesidir


Summary


ТАРБАҒАТАЙ ТАУЛАРЫНДАҒЫ ТАБИҒАТ ЕСКЕРТКІШТЕРІ

Сауыр-Тарбағатай аумағының туынды тау құралулары, аккумулятивті жазықтар, денудациялық биіктікті жазықтар облысына жатады. Маңырақ жотасының баурайларындағы Оңтүстік Зайсан алды өлкесінде ашық қызыл түсті шоқтары бар стратиграфо-палеонтологиялық табиғи ескерткіштер бар. «Киін Керіш» және «Алаулаған адырлар» атты, «Голубой залив» геолого-палеонтологиялық , геоморфологиялық және «Пылающие Асыры», «Шілікті» табиғат ескерткіштері мен «Ашутас» геолого-палеоботаникалық табиғат ескерткіші бар. Ашутас басқа ешбір жерде кездеспейтін қазіргі сирек өсімдіктерімен әйгілі. Палеоботаник ғалымдар ол жерлерден жапырақтар мен мәңгі жасыл субтропикалық өсімдіктер тозаңдарының тасқа айналған іздерін , сондай-ақ жылу сүйгіш термиттердің, инеліктердің және басқа да жәндіктердің іздері табылған. Осы олжалардың барлығы осы аймақтың 25 миллион жыл бұрын болған субтропиктік климаты туралы мәлімет береді. Оңтүстік Зайсан өңіріндегі табиғаттың палеонтологиялық ескерткішінің бірі- алқызыл түске боялған Маңырақ таулы жотасы-«Алаулаған адырлар» аталынған. Топырақтың түрлі-түске- қызыл-жарқын, қызыл-қоңыр, қоңыр-жасыл түстерге орана құбылуы сонау мезозой заманындағы жылы және дымқыл климаттың әсерінен болған құбылыс. «Қиын - Керіш» табиғат ескерткіші – саздық эрозиялық шұнқырлар мен жыралардан тұратын, тақырлар мен бөлінген жер бедері пішіндерімен ерекшеленеді. Киін-Керіш шатқалы – ала-құла түрлі түсті, қызыл сазы басым эрозиямен ашылып қалған шөгінділер. Су және желмен жуылған саз-балшық бұл жерде ашық, күрделі ландшафт жасайды. Бұл – үштік саз-балшықпен қабатталған, әсемдігі мен бірегейлігіне сөз жетпейтін, қызыл, ақ және қызғылт сары қайталанбас құрылыстары бар өлке. Алыстан қарағанда Киін-Керіш құздары мен сазды жартастары жердегі шашырап жатқан алауға ұқсайды. Осы үшін оларды "Алаулаған адырлар" деп атайды. «Асубұлақ» геологиялық-минералды қорықшасы аумағында жер бетіне шығып жатқан сирек кездесетін металдар, 100- ден аса минералдар, бағалы асыл тастар: турмалин, апатит, тау хрусталі, лепидолит және басқа да минералдар кездеседі. «Голубой залив» – геологиялық петрологиялық табиғат ескерткіші аумағы 280 млн. жыл бұрын жер бетінде балқыған магманың шығып, жүруі, жолақты түзілімі бар нұсқадағы граниттерімен ажыратылады. «Пылающие Асыры»-табиғат ескерткіші – ежелгі жабық және жалаңаш тұқымды өсімдіктердің қалдықтарынан сүйек қалдықтары мен динозавр жұмыртқасының қабығынан тұратын ТМД-да алғаш рет табылған әртүрлі түсті саздар: алевралит, құмдардың түзілімдерінен тұрады. Табиғатты қорғау жөніндегі шаралар көбінесе тек экономикалық және экологиялық ғана емес, сондай-ақ ШҚО өңірінде туризмді дамыта түсуге дәлел бола алады. Осынша керемет, ғажайып, қайталанбас кешенді дала жүйесінің табиғатын қалайда сақтап , табиғи қалпын қорғайтын болайық!



Keywords
стратиграфо-палеонтологиялық,

References

Advanced Search


Announcements


    EYLÜL SAYISI 

    Değerli Bilim İnsanları, Eylül Sayımız Yayınlanmıştır.



    KASIM SAYISI

    Değerli Bilim İnsanları, Kasım Sayımız İçin Makalenizi 01 Kasım Tarihine Kadar Yükleyebilirsiniz.



Address :Göztepe Mah., Beykoz, Istanbul/TURKEY
Telephone :+90 537 579 28 78 (Turkey) Fax :+90 216 606 32 75
Email :journalssd@gmail.com

Web Yazılım & Programlama Han Yazılım Bilişim Hizmetleri